Сейсенбі, Желтоқсан 3, 2024
6 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАР"Ашық есік күні" акциясы өтті

«Ашық есік күні» акциясы өтті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 санды Қаулысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілген.

Жоспардың 20-тармағын орындау мақсатында, Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында ағымдағы жылдың 18 қыркүйек күні сағат 09:00-ден 19:00 аралығында (бір күн) Мемлекеттік органдарда «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды.

Акция аясында кез келген азамат алдын-ала жазылусыз аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының қабылдауында болып, көтерген мәселелеріне тиісті жауаптарын алды.

Айта кетейік, аталған акция аудан көлемінде екінші рет ұйымдастырылуда және бұл акция алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ