Skip to content
Басты бет / ЖАҢАЛЫҚТАР / Мақтааралда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері талқыланды

Мақтааралда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері талқыланды

13

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2026 жылғы 14 наурыздағы №07-3-4/943-И және Түркістан облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 26 наурыздағы №06-39-06/816 хаттарына, сондай-ақ «Сыбайлас (ТБН-4)» 2026 жылға арналған жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Мақтаарал ауданында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.

Аталған бағыттағы жұмыстар Мақтаарал ауданы әкімінің 2026 жылғы 5 мамырдағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №17 н/қ өкімі негізінде жүзеге асырылуда. Құжатқа сәйкес, ағымдағы жылдың 14 мамыры мен 26 маусымы аралығында аудан әкімі аппараты, дербес бөлімдер, сондай-ақ кенттер мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарында кешенді ішкі талдау жүргізу көзделген.

Осы іс-шара аясында 2026 жылғы 18 маусым күні сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау жиналысы өтті.

Жиналысқа аудан әкімі аппаратының басшысы Нұржан Атақұлов төрағалық етіп, ішкі талдау нәтижелері бойынша аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Бауыржан Мүсірепов баяндама жасады.

Талқылау барысында мемлекеттік басқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әсер етуі мүмкін негізгі факторлар жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, ішкі рәсімдердегі бірқатар олқылықтар мен ықтимал тәуекелдер анықталып, оларды жою бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

Жиын қорытындысында мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын арттыру, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру, ішкі бақылау тетіктерінің тиімділігін күшейту және халықпен кері байланысты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен бірге, анықталған тәуекелдерді азайту мақсатында жауапты бөлімдер мен лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Жиында ауданның барлық құрылымдық бөлімдеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жеке жұмыс жоспарларын әзірлеп, жүйелі түрде іске асыру қажеттігі атап өтілді. Ішкі талдау нәтижелерінің орындалуы аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында болатыны да айтылды.

Жалпы алғанда, аталған жұмыс Мақтаарал ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға және ашықтық пен есептілік қағидаттарын күшейтуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.