Жұма, Қараша 22, 2024
8.5 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРӘдеп жөніндегі Уәкіл Иіржарда мемлекеттік қызметшілермен жиын өткізді

Әдеп жөніндегі Уәкіл Иіржарда мемлекеттік қызметшілермен жиын өткізді

2024 жылдың 1 тамыз күні Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Атақұлов Нұржан Жақсылықұлы Иіржар ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен ҚР Еңбек кодексі және Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтауы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын түсіндіру мақсатында семинар-жиын өткізді.

Күн тәртібінде, Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің талаптарында көрсетілген мемлекеттік мекемеде қызмет ететін азаматтар мен азаматшалардың өзара жақсы қарым-қатынаста болуын, мәдениетті әрі заң аясында ақпарат берулерін, мемлекет мүлкіне ұқыпты қарауларын, қызметтік автокөлікті тек қызмет барысында пайдалу керектігін, қоғамдық орындарда жат қылық танытуға болмайтындықтарын, сондай-ақ, жұмыс уақытын тиімді пайдалану мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік иммунитетін қалыптастыру жөнінде және де мемлекеттік қызметшілер мен олардың зайыбының уақытылы декларация тапсыру керектігі ескертілді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ