Сейсенбі, Қазан 15, 2024
8.8 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРӘдеп жөніндегі уәкіл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және...

Әдеп жөніндегі уәкіл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде жиын өткізді

2024 жылдың 19 қыркүйек күні Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Атақұлов Нұржан Жақсылықұлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.

Жиында ҚР Еңбек кодексі және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын түсіндіру және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілердің қоғам тарапынан сынға алыну жағдайларын азайту мақсатында Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Күн тәртібінде, Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің талаптарында көрсетілген мемлекеттік мекемеде қызмет ететін азаматтар мен азаматшалардың өзара жақсы қарым-қатынаста болуын, мәдениетті әрі заң аясында ақпарат берулерін, мемлекет мүлкіне ұқыпты қарауларын, қызметтік автокөлікті тек қызмет барысында пайдалу керектігін, қоғамдық орындарда жат қылық танытуға болмайтындықтарын, сондай-ақ, жұмыс уақытын тиімді пайдалану мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік иммунитетін қалыптастыру жөнінде және де мемлекеттік қызметшілер мен олардың зайыбының уақытылы декларация тапсыру керектігі ескертілді.

Жиын соңында жеке мәселелерімен келген азаматтар мен азаматшаларды жеке қабылдады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ