Четверг, 10 апреля, 2025
17.9 C
Мырзакент
ҮйСЭСА Вирустық гепатиті — бұл адам өміріне қауіпті

А Вирустық гепатиті — бұл адам өміріне қауіпті

А Вирустық гепатиті — бұл адам өміріне қауіпті кең таралған жұқпа болып табылады, ең алдымен адамның бауырын зақымдап, оның қабынуына алып келеді.

Жұқпаның инкубациялық кезеңі (ауру жұқтыру сәтінен бастап аурудың бірінші белгілерінің пайда болуы кезеңі ) 20-35 күнге дейінгі уақытты құрайды. Вирусты гепатит «А» жұқпасының негізгі таралу жолы тұрмыстық қатынас жолы болып табылады. Аурудың басталуы әдетте дене температурасының жоғарылауымен сипатталады, кейбір белгілері бойынша тұмауға ұқсайды. 2-4 күннен кейін науқас адамның зәрі сыраның немесе қою шайдың түсі сияқты болып қараяды, ал нәжісі керісінше ашық түске айналады.

Вирус жұғуына барынша тән жолы – адамдар арасындағы барынша тығыз тұрмыстық қарым-қатынас және тамаққа ауру жұқтырылған азық-түлікті немесе суды пайдалану болып табылады. Ауру жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда лас қолдан, таза емес ыдыстан, тұрмыстық заттар арқылы жұғады. Вирусты гепатит «А» жұқпаның алдын – алу үшін ең алдымен жеке бас гигиенасының қарапайым ережелерін сақтай отырып, яғни тамақ ішер алдында , дәретханадан, даладан келгенде қолды сабындап жуу керек. Вирусты«А» гепатитінің негізгі алдын алу жолдары – бұл гигиеналық нормаларды сақтау. Вирусты гепатит «А» жұқпасынан сақтанудың тиімді жолы – бұл вакцинация, яғни 2 жасқа толған балаларға аталған жұқпаға қарсы егілу ұсынылады.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ