Вторник, 14 октября, 2025
16.1 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметАудан әкімдігінде бюджеттік тәртіп пен салықтық есептілікті қамтамасыз ету мәселесі қаралды

Аудан әкімдігінде бюджеттік тәртіп пен салықтық есептілікті қамтамасыз ету мәселесі қаралды

2025 жылғы 3 қазан күні аудан әкімінің орынбасары Б.Анарбековтың төрағалығымен аудан әкімдігі ғимаратының үлкен мәжіліс залында бюджеттік тәртіп пен салықтық есептілікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңейтілген жұмыс жиналысы өтті.

Жиынға аудандық кірістер басқармасының, экономика және қаржы бөлімінің, білім бөлімінің, кент және ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері, жер инспекторлары мен салық саласының мамандары қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты — аудандағы бюджеттік кірістердің орындалу барысын талдау, салықтық есептілікті жетілдіру және заңнама талаптарының орындалуын қадағалау болды.

Күн тәртібіне сәйкес, аудандық кірістер басқармасы тарапынан 2025 жылғы 5 қыркүйекте берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы Ә.Алтынбеков, 2025 жылдың 9 айының қорытындысымен ауданның кент, ауылдық округтері бюджетінің кірістерінің орындалуы туралы Н.Турашевтар баяндама жасады.

Жиын барысында бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, 48 балабақшаның мемлекеттік кірістер органдарына салық есептілігінің нысандары тапсырмағаны немесе «0» көрсеткішпен есеп бергені белгілі болды. Бұл мәселе бойынша аудандық кірістер басқармасы мен білім бөлімі бірлесіп, аталған балабақшаларға зерделеу жұмыстарын жүргізбекші. Сондай-ақ, білім бөліміне тіркелмеген балабақшалардың тізімі ауылдық округтер бөлінісінде экономика және қаржы бөліміне ұсынылатыны айтылды. Қаржыландырылып отырған, бірақ есептілік тапсырмаған балабақшаларға ескерту беріліп, заң аясында есеп тапсыру да міндеттелді.

Кент және ауылдық округ әкімдері мен жергілікті салық мамандарына да нақты тапсырмалар берілді. Оның ішінде жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырмай отырған, бірақ ресми тіркеуде тұрған жеке кәсіпкерлерді жабу, 2024 жыл үшін салық есептілігін тапсырмаған шаруа қожалықтарын тіркеуге алу, жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салығы бойынша берешегін өндіру, ауылдық округтерде тұрмайтын борышкерлерді анықтап, аудандық полиция бөліміне ұсыну тапсырмалары берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік субсидия алған, бірақ СЕН тапсырмаған 358 шаруа қожалықтың есептілік тапсыруын қамтамасыз ету мәселесі де пысықталды.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Анарбеков жиын соңында барлық жауапты тұлғаларға тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Бюджеттік тәртіп пен салық есептілігін жетілдіру – аудан экономикасының тұрақты дамуы үшін аса маңызды бағыт екенін атап өтті.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ