Среда, 16 июля, 2025
24.3 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРАудан басшысы спортшыларға құрмет көрсетті

Аудан басшысы спортшыларға құрмет көрсетті

Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов Мақтаарал ауданының бір топ дарынды спортшыларын құттықтап, олардың әлемдік деңгейдегі жетістіктерін атап өтті. 🏅 Әрқайсының үздік нәтижелері – еліміздің, ауданымыздың даңқын арттыруға ерекше үлес қосқанын айтты.

✨ Мырзабеков Өтепберген – Джуи Джитсудан Әлем Кубогінің Чемпионы! 2025 жылдың 26-30 маусым күндері Алматы қаласында өткен Combat Ju-Jutsu World Cup кубогінде жеңіс тұғырынан көрінді! 🏆

✨ Әбілқасым Еркебұлан – Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионы! 2025 жылдың 4-5 шілде күндері Астана қаласында өткен 2012-2013 жылы туылған балалар арасындағы Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионы атағын жеңіп алды. 👊

✨ Катешов Рахат – Баскетболдан Орталық Азия Чемпионатының жеңімпазы! 2025 жылдың 25-30 мамыр күндері Өзбекстанның Навои қаласында өткен Орталық Азия Чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасымен бірге жеңімпаз атанып, үздік ойыншы атанды! 🏀

✨ Намуратов Пердебай – Париж Олимпиадасының қатысушысы!

Ұлттық құраманың капитаны 2025 жылдың мамыр айында Қытайдың Ханжоу қаласында өткен Азия Чемпионатында жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, 2023 жылы Астанада өткен лицензиялық Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2022 жылы Ханжоу қаласында өткен төрт жылда бір келетін Азия ойындарының күміс жүлдегері және 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарының қола жүлдегері. 🥈🥇

«Бұл жеңістер тек спортшылардың ғана емес, бүкіл ауданның мақтанышы! Барлық спортшыларымызға сәттілік тілеп, алдағы додаларда тек жеңіс тілейміз! 💪» – деді, Бақыт Насырханұлы.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ