Жұма, Желтоқсан 27, 2024
2.8 C
Мырзакент
ҮйҚаржыҚолма қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту - ЗАҢСЫЗ!

Қолма қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту – ЗАҢСЫЗ!

Қазақстанда 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86%-ға дейін өсті (2022 жылы – 82%) (Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметтері). Қазіргі таңда 6 жастан асқан балалар да қолма-қол ақшасыз төлемдерді белсенді пайдаланып, ата-аналардың 41,4%-ы балаларына карта рәсімдеген.

Алайда, соңғы күндері жеке кәсіпкерлер өткізген тауарлары (көрсетілген қызметтері) үшін қолма-қол ақша төлеуді талап етіп, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту жағдайлары да жиі кездесуде.

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады, себебі «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларында әртүрлі төлем әдістері – банк картасы, QR төлемі немесе қолма-қол ақша қарастырылған (25-бап).

Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту, ал қайталап заң бұзғаны үшін 147 680 теңге (40 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу көзделген (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 194-бабы).

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарласуыңыз қажет. СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ: 8(72541)3-50-20 (Мақтаарал ауданының кірісттер басқармасы).

Сонымен бірге «Салық» кодексі микро және шағын бизнес субъектілеріне оңайлатылған салық салу жағдайы жасады, атап айтқанда: салық мөлшерлемелері қызмет түріне байланысты 1%-дан 4%-ға дейін. Кәсіпкер өзіне ыңғайлы салық режимін таңдай алады – патент (салық мөлшерлемесі 1%); оңайлатылған декларация (салық мөлшерлемесі 3%); бөлшек салық режимі (салық мөлшерлемесі 4%).

Салық және әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептелетін және төленетін «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы салық салу режимін таңдауға болады.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсыруы тиіс, сондықтан кәсіпкерлік қызметтен алынған кірістерді дұрыс көрсету өте маңызды.

(с) Мақтаарал ауданының кірістер басқармасы

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ