Құрметті шаруа қожалық иелері мен диқандар!
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидалары, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу» бұйрығына сәйкес, дизель отыны АШТӨ үшін квоталарының көлемін қалыптастыру биылғы жылдан бастап, «gosagro.kz» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылуда.
Қағида талаптарына сәйкес, 2024 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына дизель отынын қалыптастыру ағымдағы жылдың 1-20 желтоқсан аралығында өтінім қабылдау жүргізілетінін хабарлаймыз.
Осыған орай, құрметті Мақтаарал ауданының шаруалары дизель отынына ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) арқылы «gosagro.kz» ақпараттық жүйесі арқылы өтінімді тапсыруларыңызды сұраймыз.
(с) Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі