2024 жылдың 13 наурызындағы ҚР ДСМ бұйрығы негізінде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР ДСМ 16 қарашадағы № 196/2020 «Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Жеке медициналық кітапша (ЖМК) – сыртқы түрі мен мәліметтерін электрондық цифрлық формада толығымен жаңғырта отырып, жұмысқа жіберілгендігі туралы белгімен нәтижелері жазылатын жеке құжат.
Медициналық кітапша – жұмыс істеуге рұқсат беретін белгімен беріледі, яғни, қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасы мен денсаулық сақтау субъектісінің QR-кодымен куәландырады.
Медициналық кітапшаларды беруді меншік нысанына және ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар және Ресурстарды басқарудың ақпараттық жүйесінде тіркелген медициналық ұйымдар жүзеге асырады.
Медициналық кітапша иесінің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады. ЭЦҚ және денсаулық сақтау субъектісінің QR коды көрсетіле отырып, жеке медициналық кітапшада маманның аты-жөні, жұмысқа қабылдау мерзімі көрсетіледі.
Мәліметтердің қате енгізілгені анықталған жағдайда тиісті жазбаны енгізген денсаулық сақтау субектісінің қызметкерлері оның жеке куәландырылған ЭЦҚ арқылы түзетулер енгізіледі.
Бұйрық 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов