Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
10.7 C
Мырзакент
ҮйДенсаулықТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН «БІР КҮНДІК КЛИНИКА» ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН «БІР КҮНДІК КЛИНИКА» ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ

Түркістан облысында “Бір күндік клиника” – атты бірегей жобасы іске қосылып, салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Облыстық N1 перинаталдық орталық базасында ашылған клиникада жүкті әйелдер ерте кезеңде диагностикалық тексеруден өтіп, туа біткен ахауларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

№1 Облыстық перинаталдық орталығының базасында «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы ресми түрде қосылды, онда жүкті әйелдер бір күнде «бір терезе» қағидаты бойынша пренаталдық диагностиканың барлық түрлерінен өтіп, зерттеулердің жылдам әрі дәл нәтижелерін ала алады.

Бірінші және маңызды қадам – дәрігерге уақытылы бару және жүкті әйелді жүктіліктің 10 аптасынан кешіктірмей есепке алу, бұл болашақта уақытылы зерттеп-қарауды қамтамасыз етеді.

Пренаталдық диагностиканың екінші қадамы жүкті әйелді бақылауды жүзеге асыратын дәрігерден жолдама алу және №1 Облыстық перинаталдық орталықтың Ұрықты сақтау орталығына бару болып табылады. Мұнда бір күнде сараптамалық кластағы аппараттарда ұрықтың скринингтік ультрадыбыстық зерттеуі жүргізіледі, содан кейін хромосомалық ауытқуларға тексеру үшін қан алу жүзеге асырылады.

Пациенттің өмір тарихы, ұрықтың ультрадыбыстық зерттеуі және биохимиялық скрининг деректерін салыстыру тұқым қуалайтын патологиясы бар баланың туу қаупін бағалаумен нәтиже беретін арнайы заманауи компьютерлік бағдарламамен жүзеге асырылады. Қауіп жоғары болған жағдайда, жүкті әйел сол күні генетиктен консультация ала алады.

Кешендегі жаңа тәсіл ықтимал патологияларды ерте кезеңде анықтауға және бір күннің ішінде ұрықтың өмірі мен денсаулығы үшін ең дәл болжамды алуға мүмкіндік береді.

Барлық зерттеп-қарау «Бір күндік клиника» жобасының шеңберінде мүлдем тегін жүзеге асырылады.


ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ АТАНДЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының ұйымдастыруымен Санжар Жапарұлы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында «Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негіздеген ісқағаз» атты республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Аталған республикалық жобаға Министрлікке қарасты ұйымдар қатысты. Атап айтқанда, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Қарағанды медицина университеті Республикалық қан орталығы, «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалы және Алматы мен Астана қалалаларының, Жетісу, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Абай, Павлодар облыстарының денсаулық сақтау басқармаларына қарасты медициналық ұйымдары өзара бақ сынасты.

Байқау қорытындысымен Түркістан жоғары медициналық колледжі «Үздік медициналық білім беру ұйымы» атанды.


Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Ақ-бұлақ» облыстық балалар оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорында 175 төсек орын бар ,оның 95 төсек орны жүйке -жүйесі органикалық зақымданған балаларға,қалған 80 төсек-орын тірек-қимыл аппараты зақымданған аурулары бар балаларға арналған.

2024 жылы қараша айында 3 медициналық жаңа құрылғылар мекеме есебінен сатып алынды.

Төменгі аяқ буынының роботтық механотерапиялық құрылғы.(жамбас ,тізе буын)

Жоғары қол буынының роботтық механотерапиялық құрылғы (шынтақ,иық буын)

Көрсеткіштері:

-Ұзақ иммобилизациядан кейінгі аскынулардын,

алдын алу (жаракаттар мен сыныктардан)

-буын ауруларын емдеу;

-хирургиялық араласудан кейін буындардың қозғалтқыштарын қалпына келтіру үшін;


ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАНТ ДИАБЕТІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТЕДІ

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының Эндокринологиялық орталығы 14 қараша күні ашық есік күнін өткізеді. Шараға келген барлық азаматтар қандағы қант деңгейін анықтай отырып, арнайы маманнан кеңес ала алады. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша штаттан тыс бас эндокринолог Ғалия Батырханова мәлімдеді.

– 14 қараша Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні. Қант диабеті – бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда елімізде қант диабетіне шалдыққан 500 мыңға жуық азамат тіркелген. Жыл сайын 30 мың адам қант диабетіне шалдығады. Қант диабетін ерте анықтау – оның асқынуларының алдын алуға мүмкіндік береді,-деді спикер.

Сонымен қатар баспасөз мәслихатында балалар дәрігері-эндокринолог Арай Жайлаубаева облыстағы қант диабетіне қарсы күрес жұмыстарының барысы туралы баяндады.

– Қазіргі таңда облыс бойынша ресми статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 37 мың адам осы ауру бойынша тіркелген. Сырқаттың алдын алу мақсатында өңірдегі барша эндокринолог-дәрігерлерге қант диабетін емдеу бойынша қолданысқа енгізіліп жатқан жаңа тәсілдерді, жаңа дәрі-дәрмектерді түсіндіру мақсатында тұрақты түрде конференциялар өткізіп келеміз,-деді спикер.


ТҮРКІСТАН: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық еткен жиында басқарманың тоғыз айлық есебі, тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік сақтандыру аясындағы жұмыстар, облыстағы кардиологиялық көмектің 9 ай қорытындысы туралы және туберкулез көрсеткіштерін талдау нәтижесі мен нәресте өлім-жітімінің алдын алу жұмыстары сараланды. Сонымен қатар акушерлік-гинекологиялық қызметінің талдау қорытындысы тыңдалды.

– Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен осы салаға тұрақты қолдау көрсетілуде. Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік және жеке меншік медициналық ұйымдарының алдында 2024 жылға бірқатар міндеттер қойылған болатын. Олардың ең бастысы – жұмыс көрсеткіштерін өткен жылмен салыстырғанда жақсарту және халықты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Жыл қорытындысымен ішкі медициналық көрсеткіштерді жақсарту, медициналық қызмет сапасын көтеру, бағытында жұмыстар атқарылды. Әлі де ширата түсу керек. Мәселелер жеткілікті. Әрбір медицина мекемесінің басшысы жұмысты жүйелі үйлестіріп, сапаны жақсартуы тиіс, – деді Бейсенбай Тәжібаев.

Айта кету керек, 2024 жылы денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік медициналық ұйымдары тіркелген және жалпы халыққа қажетті медициналық көмек көрсету және жыл басынан бастап қойылған жұмыстың нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша үлкен жұмыс жүргізді.

Алқа отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының басшысының және штаттан тыс бас мамандардың баяндамалары тыңдалды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев саладағы міндеттер туралы ой қозғады. Ана мен бала денсаулығын сақтау, жүрек-қан тамырлары, туберкулез және өзге де дерттердің алдын алу мәселелері талқыланып, тиісті ескертулер айтылды. Арыз-шағымдармен, өтініштермен жұмыс жүргізу мәселесі де сөз болып, тиісті тапсырмалар берілді.

Түркістан облысындағы БМСК емханаларына 2 миллионнан астам тұрғын тіркелген. Оның ішінде МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар саны 1,7 миллионға жетіп отыр. Аймақта 49 медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Денсаулық сақтау мамандарының біліктілігін көтеру, арнайы құрал-жабдықтармен қамту жұмыстары жалғасады.


ТҮРКІСТАНДА ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА АДВОКАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

2024 жылғы, 7 қарашада ҚР ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы және облыстық фтизиопульмонология орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстанда туберкулезді тоқтату» ұлттық серіктестігін дамыту бойынша адвокаттық кездесу кеңесі өтті. Мақсаты – Қазақстан Республикасында 2023-2025 жылдары фтизиатриялық және пульмонологиялық қызметті дамытудың Жол картасын жүзеге асыру аясында «Стоп» ұлттық серіктестігін дамыту және туберкулез ауыртпалығын төмендетуді күшейту.

Жалпы, туберкулезді тоқтату бастамасы 1998 жылы наурызда Лондонда туберкулез індетіне қарсы бірінші таңдау комитетінің отырысынан кейін құрылды. Қазақстан бұл жаһандық қозғалысқа 2017 жылдың тамыз айында, «Stop TB» Қазақстан серіктестігі (STTP) құрылған кезде ресми түрде қосылды.

Маңызды жиында Түркістан облысында жалпы қоғам денсаулығын сақтаудағы проблемаларының бірі – туберкулезді жоюдың маңыздылығы қарастырылды. Осы кеңес шеңберінде жергілікті бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бөлу бойынша шешім қабылдайтын тұлғалармен облыста туберкулездің ауыртпалығын төмендету жөніндегі бағдарламалардың қолдау нұсқалары талқыланды.

Адвокациялық кеңеске Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев, ҚР ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры М.Аденов, ҚР «Стоп туберкулез» серіктестігінің төрағасы Ш.Исмайлов, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдуәлиев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғ.Елшібай, «Түркістан облысының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы», «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық», «Психикалық денсаулық орталығы», Түркістан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, АССО «Үміт» үкіметтік емес ұйымдарының басшылары және өкілдері қатысты. Онлайн форматта Қазақстанның барлық өңірлік фтизиопульмонология орталықтарының басшылары да қатысып, пікір алмасты.

Шара аясында Түркістан облысында «Туберкулезді тоқтату» серіктестігінің өкілдігінің ашылуына арналған декларацияға қол қойылды. Бірауыздан дауыс беру нәтижесінде «Туберкулезді тоқтату» аймақтық серіктестігінің төрағасы сайланды.

Облыс әкімінің орынбасары бұл жиынның маңызына тоқталды.

– Бұл – облысымызда туберкулезге қарсы күресті күшейтудегі маңызды қадам. Біз әртүрлі ведомстволар мен азаматтық сектордың күш-жігерін біріктіру арқылы қаупті дерттің таралуын шектей аламыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған туберкулезді бақылаудың барлық заманауи тәсілдері Түркістан облысына да енгізілген. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан медицина саласына толық қолдау көрсетіледі, – деді Бейсенбай Тәжібаев.

Бүгінгі таңда Қазақстанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып, туберкулезбен аурушаңдық пен өлім-жітім азайып келеді. Облыста да бұл үрдіс жалғасып, туберкулезбен аурушаңдық негізгі көрсеткіші 32,2 пайызға, яғни 2019 жылы 36,0-дан 2023 жылы 100 мың халыққа шаққанда 24,4-ке дейін төмендеген, өлім-жітім де 2019 жылы 1,0-ден 2023 жылы 0,4-ке немесе 60,0 пайызға төмендеп отыр. Туберкулез ауруының алдын алу бойынша көзделген индикаторлар орындалған.


ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ