Вторник, 15 июля, 2025
39.6 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметАУДАННЫҢ БАС СӘУЛЕТШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АУДАННЫҢ БАС СӘУЛЕТШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасының ” Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 33,37-баптарына, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңының 61-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы 152 Жарлығымен бектіліген “Б” корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, аудан әкімі Бақыт Асановтың өкімімен Әсілханов Төрехан Әліханұлы Мақтаарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Бүгін аудан басшысы аудан активіне бөлімнің жаңа басшысын танысырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Оған әлеуметтік нысандардың құрылысын көбейтіп, үй кезегіндегі тұрғындарды тұрғын үймен қамту бойынша белсенді жұмыстар жүргізу керектігін, ауданның сәулеттік келбетін қалыпастыру керектігін тапсырды.

Т.Әсілханов 1995 жылы Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас ауылында дүниеге келген.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін “Сәулет” мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2017 жылы Мақтаарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде инспектор болып бастап, аталған бөлімде түрлі жылдарда жетекші маман, бас маман қызметтерін атқарған.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ