Жұма, Қазан 18, 2024
20.9 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРМақтааралда 75 жастағы қария дауыс берді

Мақтааралда 75 жастағы қария дауыс берді

Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінің тұрғыны, 75 жастан асқан қария №381 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап, ел жастарына батасын берді.
«Елімізде болып жатқан өте маңызды саяси науқанға бей-жай қарамай, өз таңдауымды жасадым. Себебі, әр азаматтың дауысы – маңызды. Жаңа Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет. Бүгінгі айтулы шара ел болашағына әсер ететін маңызды шешім, барша азамат өз таңдауын жасауы маңызды қадам. Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей атсалысуымыз керек. Менің жасым 75-те болса да ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті деп есептеймін. Еліміз тыныш, бала-шағамыз аман болып, Қазақстанымыз көркейе берсін» – дейді қария.
Сөз соңында қария барша қазақстандықтарды сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырып, ақ батасын берді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ