Жұма, Қазан 18, 2024
20.9 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықМақтааралда референдум учаскелерінде түрлі концерттік бағдарламалар мен спорттық жарыстар өтуде

Мақтааралда референдум учаскелерінде түрлі концерттік бағдарламалар мен спорттық жарыстар өтуде

Бүгінгі бүкілхалықтық референдум Мақтаарал ауданында мерекелік көңіл-күймен атап өтілуде.

Дауыс берушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарламалар қойылып, спорттық жарыстар ұйымдастырылған.

Іс-шаралар барысында патриоттық тақырыпта әндер айтылып, ұлттық билерімізді билеп, түрлі ойындар ойнатылуда. Сондай-ақ, футбол, волейбол, баскетбол, шахмат, дойбы т.б. спорттың түрлерінен жарыстар өтуде.

Референдумның мерекелік деңгейде өтуіне өнерпаздар мен спортшылардан бөлек, ақ жаулықты әжелер, көп балалы аналар мен жас келіндер де атсалысуда. Аталған топтар ұлттық нақыштағы киімдер киіп, шашу шашып, түрлі дәмді тағамдарды сайлаушыларға ұсынуда.

Айта кетейік, ауданымызда 62 сайлау учаскесінде 70 мыңға жуық сайлаушыларды күтіп алуға барлық қолайлы жағдайлар жасалған.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ