Жұма, Қыркүйек 20, 2024
27.6 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтаарал ауданында "Қоныс аудару" жәрмеңкесі өтті

Мақтаарал ауданында «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті

«Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу» бағыты шеңберінде Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары өкілдерінің қатысуымен «ҚОНЫС АУДАРУ» жәрмеңкесі өтті.

Насихат тобы Мақтаарал, Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Түлкібас, Ордабасы, Сайрам, Бәйдібек аудандары тұрғындарымен кездесулерді де ұйымдастырып, Мырзакент кентінде өткен іс-шараға 100-ге жуық тұрғын қатысты.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылға республика бойынша 7050 квота бөліп, қандастар мен қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау көрсететін 7 облыс белгіленді. Олардың қатарында Солтүстік Қазақстан облысы (2 702 адам), Павлодар облысы (2 603 адам), Қостанай облысы (950 адам), Шығыс Қазақстан облысы (372 адам), Абай облысы (255 адам), Ұлытау облысы (132 адам), Қарағанды облысы (36 адам).

Бөлінген квота негізінде ағымдағы жылдың 8 айында Түркістан облысынан 288 отбасыдан 1 116 адам қоныс аударды. Нақты көрсетсек, Шығыс Қазақстан облысына – 18 отбасы (71 адам), Қостанай облысына – 18 отбасы (71 адам), Павлодар облысына 127 отбасы (592 адам), Солтүстік Қазақстан облысы – 110 отбасы (318 адам), Қарағанды облысына 2 отбасы (11 адам), Абай облысына 8 отбасы (23 адам), Ұлытау облысына 5 отбасы (30 адам). Жалпы еліміз бойынша 3 494 қоныс аударғандардың 32%-ы Түркістан облысының үлесінде. Олардың ішінде еңбекке жарамды 538 адамның 304-і жұмысқа орналасқан.

Жалпы, 2015 жылдан бері жұмыс күші аз солтүстік өңірлеріне халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтарынан азаматтарды көшіру жұмыстары нәтижесінде, облысымыздан 2015 жылдан бүгінге дейін 14 874 адам немесе 3 358 отбасы қоныс аударған.

Мемлекет солтүстік облыстарға қоныс аударғандардың отбасы мүшелеріне бір рет 70 АЕК (258 440 теңге) мөлшерінде ақша, алғашқы уақытта үй жалдауға қаржы береді. Бұдан бөлек, билік оларды қысқа уақытқа кәсіби оқуға жіберіп, жұмысқа тұрғызуы, жеңілдікпен баспана алуға көмектесуі тиіс.

Ал қоныс аударғандарға жұмыс ұсынған жұмыс берушілерге 400 АЕК (1 476 800 теңге) субсидия беріледі.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ