Бейсенбі, Желтоқсан 26, 2024
9.1 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚАуданымызда осындай заңбұзушылықтар орын алуда

Ауданымызда осындай заңбұзушылықтар орын алуда

Мақтаарал ауданы аумақтық сайлау комиссиясына қарасты №7 бірмандаттық округтік сайлау комиссиясы (төрағасы Жораев Қыдырали) 2024 жылы 4 наурызда Адеханов Еркинбек Сарсенбаевичті аталған округтен аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде шешім еткен болатын.

Алайда, Мақтаарал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 06.03.2024 жылғы №806 хатындағы мәліметтер негізінде 2024 жылы 7 наурызда №7 бірмандаттық округтік сайлау комиссиясының шешімімен кандидат Е.Адехановтың жұбайы М. Молдалиеваның активтері мен міндеттемелері туралы ұсынған декларациядағы мәліметтерінің дұрыс еместігі анықталуына байланысты Е.Адехановты кандидат етіп тіркеу туралы 04.03.2024 жылғы хаттамалық шешімнің күшін жойылған.

Мақтаарал аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының хатына негіз болған Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысы орынбасары Е.Бекмурзиннің 06.03.2024 жылғы №MKD-09-2-16/3917 хатындағы көрсетілген мәліметтерде М.Молдалиева 13.02.2024 жылы тапсырған 250.00 үлгідегі декларациясын тұрғылықты жері бойынша Шымкент қаласы, Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырудың орнына, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына табыс еткендігін анықтаған.

Осы аталған мән-жайлардың нақтылығына көз жеткізу мақсатында, Мақтаарал АПБ-нің көші-қон қызметіне сауал жолданып, жауабында декларация тапсырушы М.Молдалиева 20.12.2017 жылдан бастап Мақтаарал ауданында тұрақты тіркеуге қойылғанын, қазіргі таңда осы аталған мекен-жайда осы күнге дейін тұрғылықты тіркеуде екендігін, басқа мекен-жайға көшіп кетуге өтінім білдермегендігін растаған.

Осы жауап хатқа сүйене отырып, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті М.Молдалиеваның тұрғылықты жері Шымкент қаласының Қаратау ауданы деп қандай ақпараттық жүйелерден анықтағаны түсініксіз. Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті М.Молдалиеваның тұрғылықты мекен-жайы Шымкент қаласының Қаратау ауданы екендігін көші-қон қызметінен анықтады ма?, оған тиісті сұраныс хатты қандай құзыретті мекемеге жолдады?

Аудан басшылары тарапынан әр түрлі тұлғаларды салу арқылы Е. Адехановқа депутаттықтан бас тарт, оның орнына қызмет берейік деп талай көндіруге әрекет жасады. Ешқандай нәтиже болмаған соң, Түркістан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті арқылы жалған, заңсыз мәлімет жаздыру арқылы кадидаттықтан алып тастап отыр. Сотқа арыз берілді.

Ауданымызда осындай заңбұзушылықтар орын алуда.

(с) Сабыржан Акназаров, қоғам белсендісі

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ