Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында жаңа бөлім басшысы тағайындалды

Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында жаңа бөлім басшысы тағайындалды

244

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың өкімімен Азимов Сламхан Бердиханович аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімінің басшысы мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалды.

Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы Нұржан Атақұлов жаңа бөлім басшысын аппарат ұжымына таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Өзіне жүктелген міндеттерді сапалы орындауға, ауданда цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету, ақпараттандыру, баспасөз қызметі, ақпараттық қауіпсіздік, терроризмге қарсы іс-қимыл, төтенше жағдайлардың алдын алу салалары бойынша белсенді жұмыс істеуге тапсырма берді.

Сламхан Азимов 1982 жылы ОҚО, Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 2003 жылы «Сырдария» университетін «Информатика» мамандығы бойынша аяқтап, өзінің еңбек жолын «Махтааралземкадастр» ЖШС-де іс басқарушы болып бастады.

Әр жылдарда Мақтаарал жер кадастр бюросында оператор, Мақтаарал ауданының жер қатынастары бөлімінде оператор, жетекші маман міндетін атқарушы болып қызмет атқарған.

2013 жылдан бастап Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде бас маман, сектор меңгерушісі, 2016 жылы Мақтаарал ауданының жер қатынастары бөлімінде бас маман болып еңбек етті.

2017 жылдың қыркүйегінде Атакент кенті әкімінің орынбасары, 2018 жылдан бастап қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Атакент кентінің әкімі болып қызмет етті.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.
↑