Skip to content
Басты бет / СЭС / Бұл – әлем бойынша ең көп таралған ішек құрттарының бірі

Бұл – әлем бойынша ең көп таралған ішек құрттарының бірі

16

Аскаридоз – адам ағзасында Ascaris lumbricoides атты дөңгелек құрттың паразиттік тіршілігінен туындайтын гельминтоздық ауру. Бұл – әлем бойынша ең көп таралған ішек құрттарының бірі. Әсіресе балалар арасында жиі кездеседі.

Қоздырғышы

Аскаридоздың қоздырғышы – адам аскаридасы (Ascaris lumbricoides). Оның ұзындығы 20–40 см-ге дейін жетуі мүмкін.

Жұғу жолдары

• Жуылмаған көкөніс, жеміс-жидек арқылы;

• Лас қолдан;

• Ластанған топырақтан.

Клиникалық белгілері

• Іштің ауруы, жүрек айну, тәбеттің төмендеуі;

• Әлсіздік, бас айналу;

• Жөтел, ентігу (дернәсілдік кезеңде);

• Аллергиялық бөртпелер.

Алдын алу шаралары

• Жеміс-жидекті, көкөністі мұқият жуу;

• Қолды сабынмен жуу;

• Санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау;

• Балаларды жеке бас тазалығына үйрету.

Аскаридоз – кең таралған гельминттік ауру. Ол адам ағзасына үлкен зиян келтіреді, әсіресе балалар үшін қауіпті. Аурудың алдын алу жолы – жеке бас тазалығын сақтау, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру.


Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.