Skip to content
Басты бет / Басты жаңалық / Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды

Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды

315

Аудан әкімі Бақыт Асановтың өкімімен Тұрсынханов Әділхан Айдарханұлы Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Күні кеше аудан басшысы аппарат жиынында жаңа басшыны аудан активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Ішкі саясат — күрделі сала екенін айтып, идеологиялық жұмыстарды жаңа бағытта жандандыруға тапсырма берді. Сонымен қатар, бүгін аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов Ә.Тұрсынхановты ішкі саясат бөлімінің ұжымына таныстырды.

Ә.Тұрсынханов 1988 жылы Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты Алғабас ауылында дүниеге келген.

2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша, 2016 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін Құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын ҚР ҰҚК шекара қызметінің 2037 әскери бөлімінде әскери қызметкер болып бастаған.

2014 жылы іріленген Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінде бас маман міндет атқарушы, кейіннен бас маман лауазымдарында бірнеше жыл белсенді еңбек етті.

2018 жылдан бастап Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеген.

2022 жылдан қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болды.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.