Сенбі, Сәуір 27, 2024
18.5 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықЖыл жемісті болсын, жерлестер!

Жыл жемісті болсын, жерлестер!

Құрметті мақтааралдықтар!

Қадірменді жерлестер!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз мейрамы ежелден жаңару мен жасампаздықтың, ырыс пен берекенің арқауы болған.

Ұлыстың ұлы күні – көңілде кірбің қалмай қауышатын, түсіністікпен табысатын күн. Тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы деп бағалаған.

ҚР Үкіметі биыл Наурызнаманың 10 күндігін бекітіп, 14-наурыздан бастап күн сайын бір мерекені, атап айтқанда көрісу, қайырымдылық, мәдениет және салт-дәстүр, Шаңырақ, Ұлттық киім, Жаңару, Ұлттық спорт және Ынтымақ күндерін атап өттік.

Бүгін, 22-наурыз – Жыл басын және ертең, 23-наурыз – Тазару күнін атап өтетін боламыз.

Біз, бүгінгі ұрпақ, ұлттық мұраларымызды сақтай отырып, ата-бабаларымыздың дәстүрлерін құрметтеп, оны одан әрі дамытуымыз керек.

Наурыз біздің бірлігіміздің, төзімділігіміздің, имандылық пен қайырымдылығымыздың белгісіне айналды. Мейірімділік, жақынына қол ұшын беру – қашанда біздің халқымыздың басты құндылығы мен дәстүрі болды. Осынау жер дүниенінің жаңаратын кезінде әрбір ұжым, ауданымыздың әрбір тұрғыны жақсы істің басынан табылып, елімізде іске асып жатқан ұлы істерге, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасап жатқан өзгерістеріне өз үлесін қоса береді деп сенім білдіремін.

Ұлыстың Ұлы күні отбасыларыңызға береке мен бірлік, елімізге ырыс пен ынтымақ, тыныштық пен жақсылық әкелсін!

Ақ мол болсын, жыл жемісті болсын, жерлестер!

Ізгі ниетпен,

Мақтаарал ауданының әкімі

АСАНОВ БАҚЫТ НАСЫРХАНҰЛЫ

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ