Пятница, 14 марта, 2025
19.4 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРЖРВИ мен тұмаудан сақ болыңыздар!

ЖРВИ мен тұмаудан сақ болыңыздар!

Аурушаңдық науқас адамнан дені сау адамға ауа-тамшылы жолмен беріледі. Тұмауды жұқтырған уақыттан бастап клиникалық көріністерінің пайда болу мерзімі бірнеше сағаттан бірнеше күннің арасында өтеді.

Тұмаудың негізгі көріністері – жалпы әлсіздік, қатты бас ауру, көз алмасын қимылдатқан уақытта ауру сезімі, қалтырау, ауру ағымына қарай дене қызуының 38-40С көтерілуі, бұлшықет пен буындардың ауру сезімі, көздің жасаурауы, мұрынның бітуі, тамақтың қышуы, тершендік, құрғақ жөтел. Аурудың ұзақтығы 5 күннен 10 күнге дейін созылады.

Тұмаудың салдарынан вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Тұмаудың алдын алудың ең сенімді жолы- тұмауға қарсы егу болып табылады.

ЖРВИ мен тұмаудан алдын алу:

-ең бастысы, тұмау ауруының эпидемиологиялық маусымы алдында — жыл сайын уақытылы тұмауға қарсы профилактикалық егу алу;

-әрдайым жеке бас гигиенасын сақтап, қолды әрбір іс-әрекеттен кейін, тамақтың алдында сабындап жуу;

-үйде желдету тәртібін сақтап, жиі-жиі желдетіп тұру;

-эпидемиялық кезеңде халықтың көп шоғырланған жеріне бармау, баратын жағдайда бетперде тағып, оксалин майын мұрынға жағуды ұмытпау;

-егер жанұяңызда жедел респираторлы вирусты инфекциясымен немесе тұмау ауруымен науқастанған жағдайда өз бетімен дәрі-дәрмек қолданбай, үйге жергілікті емханадан дәрігерді шақыртып, мамандырылған ем алу;

-қарым-қатынастағыларға жұқтырмау үшін бір реттік бетперде қолданып, бетпердені әр 3 сағат сайын ауыстырып отыру.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ