Сенбі, Сәуір 27, 2024
23.1 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚЖауапкершілік бар ма?

Жауапкершілік бар ма?

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы әкімдігінің аппарат басшысы және ауданның әдеп уәкілі Нуржан Атакулов мырза?

Мақтаарал ауданында 5 күндік демалыс кезінде әкімдіктерде кезекшілік ұйымдастырылды ма? Біздің жолымыз Ж.Нұрлыбаев ауыл әкімдігіне түскен кезде, кезекші түгілі қарауыл болмады. Есіктері ашық-шашық тұр. Мемлекеттің меншігіндегі заттар жоғалса кім жауапты болар еді? Біз кезекшіге қоңырау шалғанымызда бүгін демалыс деп айтты. Бірақ ол сол кезекшілік табеліне қол қойған. Көктем уақытысында табиғи апаттар көп алатын кезде, жауапты орында неліктен қызметші отырмайды?

Жеке өзіңізбен таныс емеспін. Бірақ сіздің кіммен таныс және кіммен туысқан екеніңізді білемін. Сондықтан туысқандарға сене бермей, өз жұмысыңызды адал атқарыңыз. Ағайын ініңіздің іскерлігіне зиян келтіріп қоймаңыз. Сосын депутаттар сайлауына қатты араласып жатқаныңызды ел жұрттың аузында қатты тарауда. Бұл жағдай бойынша бөлек постта.

Ең бастысы осы әкімдікке мүмкіндігі шектеулі азаматтар қалай кіреді?

(с) Олжас Мамыр, блогер

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

1 Пікір

  1. Құрметті Олжас мырза!
    Сіздің фейзбук әлеуметтік желісіне жариялаған сыни материалыңыз бойынша төмендегідей хабарлаймыз:
    Мақтаарал ауданы Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімі аппаратында 21-25 наурыз күндері аралығында округ әкімі тарапынан кезекшілік кестесі бекітілген.
    Округ әкімі аппаратының техникалық қызметкері Серікбай Саматтың түсініктемесіне сәйкес, 25.03.2024 жылы сағат 15:30 шамасында денсаулығына байланысты үйіне дәрі қабылдауға барып, 17:00 шамасында жұмысқа қайта келіп, кезекшілігін жалғастырған. Алайда, округ әкіміне ескертпеген.
    Осыған байланысты Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімі Н.Султановтың 26.03.2024 жылғы №04 ө-н/қ өкімімен Серікбай Самат Әбдіхалықұлына «Сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылғанын хабарлаймыз.
    Сонымен қатар, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімі аппаратының аумағына мүмкіндігі шектеулі азаматтар кіретін есік қарастырылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ