Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
28.8 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРЖандарбек жаңа кәсіпке ден қойды

Жандарбек жаңа кәсіпке ден қойды

Мақтаарал ауданындағы Жаңа жол ауылының тұрғыны Жандарбек Сындаров «Ауыл аманаты» бағдарламасының шарапатын көріп, 7 миллион теңге несиеге қол жеткізіп отыр. Осыған дейін ағайындарымен бірге 7 гектар суармалы алқапқа мақта, жүгері, қауын өсіріп, диқаншылықтың қыр-сырын біршама меңгерген Жандарбек биыл тәуекел деп есігінің алдынан 9,2 сотық жылыжай ашуды қолға алды. 

Несиеге қол жеткізген соң бірден іске кірісіп, жылыжайдың темір қоршауын орнатып, үстін қалың пленкамен жапты. Топырағына мал көңін шашып, оны әбден араластырды. Жылыту пеші де дайын. Сарыағаштан қияр, қызанақ көшеттерін әкелу үшін сол жақтағы диқандармен келісіп қойды. 

– Алдағы кезде көкөніс көшеттерін өзім үйде дайындасам деймін. Себебі, сырттан сатып әкелу қосымша шығын болып отыр. Сондықтан 2 сотыққа көшет өсіретін шағын питомник салдым, – дейді жаңа кәсіпке ден қойған Ж.Сындаров.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ