Сейсенбі, Қазан 15, 2024
8.8 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРВедомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

2024 жылдың 28 маусым айында аудан әкімі Бахыт Насырханұлының төрағалығымен Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының №2 отырысы өтті.

Жиынға Аудан әкімі, Прокуратура, құқық қорғау органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мақтаарал аудандық бөлімінің өкілі, Мақтаарал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі, Кенттер мен ауылдық округі әкімдері және Мақтаарал ауданы әкімдігінің дербес бөлім басшылары, «Атамекен кеден бекетінің басшысы, Мақтаарал ауданы бойынша статистикика басқармасының өкілі, Мансап орталығының басшысы, денсаулық сақтау және білім саласының өкілдері мен басшылары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының Мақтаарал аудандық халыққа қызмет көрсету бөлім басшылары, Түркістан облысының ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызметі» ШЖҚ МКК Мақтаарал аудандық филиал өкілі, Қазақстан республикасының ауылшаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясының өкілі қатысты.

Жиынның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

Бірінші мәселе, Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы және отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған жұмыстар туралы;

Екінші мәселе, Қоғамдық орындар мен көшелерде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

Үшінші мәселе, Интернет алаяқтық, қаржы пирамидаларына қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары туралы қаралды.

Жиын кезегімен Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастығының міндетін уақытша атқарушысы полиция подполковнигі Қ.Сатыбалдиевтың бірінші, екінші және үшінші мәселелерге тоқталып Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің атқарылған жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды және Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Абеновтың күн тәртібіндегі екінші мәселеге баяндамасы тыңдалып алдағы уақытта орын алған қылмыстардың алдын алу, жолын кесу бағытында кеңінен талқыланып Комиссия мүшелері ұсыныс пікірлерін ортаға салды.

Сонымен қатар, комиссия төрағасы Бахыт Насырханұлы күн тәртібінде баяндалған мәселелер бойынша қатысушылардың ұсыныс пікірлерін қорытындылап, аудан аумағында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды одан әрі күшейтуді, әрбір елді мекендер бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген түрлерін алдын алуды, әсіресе интернет алаяқтықтың алдын алу, жолын кесу бағытында бірлескен шараларды тұрақты жүргізуді және барлық фактілерді ішкі істер органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға, құзыреті бойынша ұйымдарға уақтылы хабарлауды жауапты мекемелерге тапсырмалар берді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ