Тұрмыстық жағдайда ботулизмнің алдын алу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ботулизм жұқпалы емес, токсикоинфекция тобының ең ауыр сырқаттарының бірі және жүйке жүйесінің басым зақымдануымен сипатталады. Өкінішке орай, ботулизм 30% дейін жоғары өлім-жітім жағдайымен сипатталады. Аурудың пайда болуы адам ағзасына – ботулин (токсинінің) уытының енуімен байланысты, ол ботулизм микробының көбеюі кезінде тек анаэробты жағдайда (ауа жоқ жерде) герметикалық жабық ыдыста пайда болады.
Айта кету керек, ботулизм негізінен үйде консервіленген тамақ өнімдерін тұтыну кезінде пайда болады: маринадталған саңырауқұлақтар, қияр, баклажан, көкөніс салаттары, жеміс-жидек консервілері, ет және балық консервілері.
Уланудың алғашқы белгілері консервіленген өнімді жегеннен кейін 6-24 сағаттан кейін, сирек 6-14 күннен кейін пайда болуы мүмкін: әлсіздік, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, көзге заттың қосарланып көрінуі, көздің алдынд «тордың» пайда болуы, заттардың бұлыңғыр көрінісі, дауыстың қарлығуы, мұрыннан су ағу, тамақты жұтудың қиындауы.
Жамбыл облысы аумағында 2022 жылдың өткен кезеңінде тұрмыстық жағдайда ботулизм диагнозымен тамақтан уланудың 2 жағдайы тіркеліп, 2 адам зардап шекті. Барлық жағдайларда ауру үйде дайындалған өнімдерді қолдануға байланысты пайда болды.
Күнделікті тұрмыста ботулизмнің тіркелуі үй жағдайында консервіленген өнімдерді дайындау технологиясының қажетті шарттарын сақтау мүмкін еместігін тағы бір рет растайды.
Осыған байланысты жаңа жылды тойлау қарсаңында халықты алдын алу шараларын қатаң сақтауға шақырамыз:
— банкілерді ашқан кезде, өнім күмән тудырса, оны тұтынудан бас тартқан абзал;
— қолдан жасалған көкөніс пен ет консерві өнімдерін белгісіз сауда орындарынан қауіпсіздігін растайтын тиісті құжаттарынсыз сатып алмаңыздар;
— ботулизмнің алғашқы белгілері пайда болған кезде міндетті түрде білікті медициналық көмек алу үшін жүгініңіз. Консервіленген өнімді пайдаланғаныңыз туралы дәрігерді хабардар етуіңіз қажет.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары А.Еркінбекова



