Сенбі, Сәуір 20, 2024
28.5 C
Мырзакент
ҮйМӘДЕНИЕТ"Түркістан таланттары" жобасы Мақтаарал ауданында жалғасын тапты

«Түркістан таланттары» жобасы Мақтаарал ауданында жалғасын тапты

Жақында ғана бастау алған «Түркістан таланттары» жобасы өлкеміздің жас ақындары – Нұрғали Сердалиев, Бауыржан Ерман және Сүндет Сейітовтің қатысуымен Мақтаарал ауданында жалғасты.

Алдымен тақырыптық көрмені тамашалаумен басталған көрме қаламгерлердің шығармашылығына ұласты. Кеш кейіпкерлері туған жер, балалық шақ, ата-ана, табиғат мезгілдері және сезім тақырыбында өлеңдерін оқып берді. Кеш барысында қойылған қызықты сұрақтарға жауап беріп, сырларымен бөлісті. Оқырман қауым да ақын өлеңдерін жатқа оқып, көпшілікті тәнті етті. Кешті ақын Айдар Сейдазым жүргізіп отырды.

Әдеби-мәдени шара барысында Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы құттықтау сөз сөйлеп, аудандағы оқырманмен кездесуге келген ақындардың шығармашылығына сәттілік тіледі. Сонымен қатар Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова кешті қорытындылап, ізгі тілегін арнады. Қаламгерлерге сый-құрмет көрсетілді.

Айта кетейік, аталған жоба Түркістан облысы әкімдігі, облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалы және облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы бірлесе ұйымдастырған.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ