Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
6.3 C
Мырзакент
ҮйДенсаулықТуберкулезді ерте анықтауды емханалардың барлық медицина қызметкерлері пациенттер профилактикалық тексеру, иммундау, медициналық...

Туберкулезді ерте анықтауды емханалардың барлық медицина қызметкерлері пациенттер профилактикалық тексеру, иммундау, медициналық көмекке жүгінген кезде жүргізеді

👩🏻‍⚕️Туберкулезді ерте анықтауды емханалардың барлық медицина қызметкерлері пациенттер профилактикалық тексеру, иммундау, медициналық көмекке үшін жүгінген кезде жүргізеді

Туберкулезді ерте анықтау үшін 🔽

1️⃣ туберкулез белгілері бар пациенттердің қақырық жағындысын зерттеу

2️⃣флюорография

3️⃣ туберкулин Манту сынамасы, балаларға туберкулез аллергені бар сынамасы

‼️ Емханаларда жөтелге шағымдары бар пациенттерге кезектен тыс қызмет көрсетіледі және бір реттік медициналық маскалармен қамтамасыз етіледі

🤒 Туберкулездің клиникалық белгілері болған жағдайда пациент туберкулезді диагностикалау және емдеу хаттамасы бойынша тексеруге жіберіледі

😷 Егер пациентте туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыс болса және ауруға күдік болса, мұндай пациент диагнозды нақтылау үшін фтизиатрдың консультациясына жіберіледі

✴️ Зерттеу нәтижелері оң болған жағдайда пациентті фтизиопульмонология орталықтарына жіберу керек

✅ Жыл сайынғы флюорографиялық тексеруден өтуі қажет қауіп-қатер тобындағы адамдар ⏬

1️⃣ бактерия бөлінуіне қарамастан туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар

2️⃣ өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен, қант диабетімен, алкоголизммен, нашақорлықпен, АИТВ/ЖИТС диспансерлік есепте тұрған және иммуносупрессивті терапия алатын адамдар

3️⃣ кез келген этиологияның өкпесінде қалдық құбылыстары бар адамдар

4️⃣ қамау орындарынан босатылған адамдар

🇰🇿Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ ықтияр хаты бар адамдар ҚР азаматтарымен бірдей медициналық көмек алады

🌍 Қазақстан аумағында уақытша жүрген туберкулезбен ауыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесі бойынша медициналық көмек алады https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021695

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ