Қасиетті «Рамазан айы» қарсаңында үй жағдайында, мешіттерде немесе қоғамдық тамақтану орындарында «Ауызашар» беру ұйымдастырылатын кезең. Осындай іс-шаралар өткізу барысында аса қауіпті жұқпалы аурулардың, жаппай тамақтан уланудың және жедел ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында төмендегі талаптарды сақтау қажет.
«Ауызашар» беру барысында дастарханға ет тағамдары, салаттар, тіске басарлар, кремі бар кондитерлік өнімдер және т.б әртүрлі тағамдар қойылады.
Қарапайым гигиена талаптарының сақталмауы тамақтан улану жағдайына алып келуі мүмкін.
Тамақтан уланудың алдын алу:
-Мерекелік үстелге тағамдарды дайындау кезінде оларды сақтау және тұтыну мерзімдерін сақтаңыз, тез бұзылатын тамақтарды уақытынан бұрын әзірлемеңіз;
- Шикі және дайын тағамдардың бірге сақталуына жол бермеңіз, ал олардың сапасыздығына қандай да бір күдік пайда болса, тағамдарды қолданудан алып тастау керек;
-Тағам дайындау технологиясын сақтаңыз;
– Ет, құс, жұмыртқа сондай-ақ паштеттер, аспаздық өнімдер, кремі бар кондитерлік өнімдер, салаттарды дайындағаннан кейін бірден қолдану, сақтау талабы бұзылғанда, келесі күні пайдаланбау;
-Тамақ өнімдері қабылдау, сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде оның қадағалануын қамтамасыз ететін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын тауардың ілеспе құжаттарыының болуын назарға алыңыз;
– Үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін қоғамдық тамақтану орнында, мешіттерде пайдаланбаңыз;
-Ветеринариялық-санитариялық анықтамасы жоқ барлық ауыл шаруашылық жануарларының еті мен өнімдерін, ақауы бар консервілерді, қабығының бүтіндігі бұзылған көкөністер мен жемістерді, қаптамасында қажетті ақпараты жоқ өнімдерді тұтынбауға кеңес береміз.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков