Воскресенье, 27 апреля, 2025
30.8 C
Мырзакент
ҮйСЭСТамақтан улану- бұл әдетте ас қорыту бұзылыстарымен бірге жүретін ауру

Тамақтан улану- бұл әдетте ас қорыту бұзылыстарымен бірге жүретін ауру

Тамақтан улану- бұл әдетте ас қорыту бұзылыстарымен бірге жүретін ауру. Оның себебі әр түрлі микроорганизмдердің көбінесе бактериялардың ағзаға тағаммен бірге түсуінен болуы мүмкін.

📌Тамақтан уланудың белгілері:

– іш өтуі;

– құсу;

– жүрек айну;

– әлсіздік;

– іш ауруы.

📌Тамақтан уланудың алдын алу шаралары:

-азық түлік өнімдерін сатып алғанда шығарылған күніне және жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз;

– тағамды тиісті жағдайда және дұрыс температурада сақтаңыз;

– термиялық өңдеуге жатпайтын көкөністерді, жемістерді, көк шөптерді ағынды су астында мұқият жуыңыз;

– үй жағдайында дайындалған консервіленген және кез келген басқа да тамақ өнімдерін стихиялық белгіленбеген сауда орындарынан сатып алмаңыз;

– тағамдарды дайындау кезінде жеке гигиена ережелерін сақтаңыз;

– ыдыс жууға арналған шүберекті және ас үй сүлгісін жиі ауыстырыңыз, ас үйдегі тазалықты қадағалаңыз.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ