Skip to content
Басты бет / СЭС / Сұлулық салондары мен шаштараздардағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптар: Тұтынушы қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау

Сұлулық салондары мен шаштараздардағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптар: Тұтынушы қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау

21

Сұлулық салондары мен шаштараздардағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптар: Тұтынушы қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау

Бүгінгі таңда сұлулық индустриясы қарқынды дамып, шаштараз, маникюр, педикюр, косметология және татуаж қызметтерін ұсынатын нысандардың қатары артып келеді. Дегенмен, сұлулық пен күтім ұсынатын мұндай орындар санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен гигиеналық нормаларды қатаң сақтамаған жағдайда, түрлі жұқпалы аурулардың ошағына айналуы мүмкін. Өйткені тері жамылғысының бүтіндігі бұзылатын немесе биологиялық сұйықтықтармен (қан, лимфа) жанасу қаупі бар кез келген процедура жоғары сақтықты талап етеді.

Тұтынушыға төнетін негізгі инфекциялық қауіптер

Құрал-саймандар тиісті деңгейде тазаланбаған және стерильденбеген жағдайда, клиенттер арасында мынадай ауыр аурулардың жұғу қаупі жоғарылайды:

  1. Парентеральды вирустық гепатиттер (В және С): Бұл вирустар қан арқылы тарайды. Маникюр, педикюр немесе косметологиялық инъекциялар кезінде микротравмалар арқылы ағзаға түсіп, бауырдың созылмалы зақымдануына, циррозға әкелуі мүмкін.
  2. АИТВ (ВИЧ) инфекциясы: Микрозақымданулар кезінде залалсыздандырылмаған құралдарда қалған қан қалдықтары арқылы жұғу қаупі бар.
  3. Саңырауқұлақ және бактериялық инфекциялар: Тырнақ, тері саңырауқұлақтары (микоздар), стафилококкты және стрептококкты тері инфекциялары (пиодермия), сондай-ақ сүйелдер мен герпес вирусы тазаланбаған құралдар мен сүлгілер арқылы оңай жұғады.
  4. Паразиттік аурулар: Шаштаразда қайшылар мен тарақтар өңделмесе, бит (педикулез) немесе қышыма кенелерінің таралуы мүмкін.

Сұлулық салондарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Қолданыстағы санитариялық ережелерге сәйкес, сұлулық қызметін көрсететін әрбір субъект мынадай кешенді талаптарды орындауға міндетті:

1. Құрал-саймандарды өңдеу, дезинфекциялау және стерилизациялау

Тері бүтіндігін бұзуы мүмкін барлық көп реттік құралдар (маникюр кусачкалары, қайшылар, фрезер насадкалары, пинцеттер) пайдаланылғаннан кейін міндетті түрде үш сатылы өңдеуден өтуі тиіс:

  • Дезинфекция: Құралдарды арнайы дезинфекциялау ерітіндісіне белгіленген уақытқа толық батырып ұстау.
  • Стерилизация алдындағы тазалау (ПСО): Құралдарды ағынды судың астында жуып, органикалық қалдықтардан (қан, тері бөлшектері) арылту және кептіру.
  • Стерилизация: Құралдарды арнайы крафт-пакеттерге салып, сухожар автоклавында немесе сухожаровой шкафта (180 °C температурада) толық залалсыздандыру.

Маңызды: Стерильді құрал салынған крафт-пакет тек клиенттің көзінше ашылуы тиіс. Пакеттегі индикатор түсінің өзгеруі (мысалы, бежевыйдан қоңырға) стерилизацияның сапалы өткенін дәлелдейді.

2. Бір реттік материалдарды пайдалану

Тұтынушымен тікелей жанасатын материалдардың (майлықтар, сүлгілер, тырнақ егеуіштері (пилкалар), бахилалар, пеньюарлар, перчаткілер) мүмкіндігінше бір реттік болғаны абзал. Шебер әрбір клиентке жаңа резеңке қолғап киіп жұмыс істеуі шарт.

3. Жұмыс орны мен бөлме тазалығы

  • Әрбір клиенттен кейін жұмыс үстелі, кресло, ванночкалар дезинфекциялық ерітінділермен сүртілуі тиіс.
  • Бөлмеде күніне кемінде екі рет ылғалды тазалау жүргізіліп, бактерицидті ультракүлгін лампалармен (кварц) ауа залалсыздандырылуы керек.
  • Бөлмеде тиімді жұмыс істейтін желдету (вентиляция) жүйесі болуы шарт.

4. Персоналдың жеке гигиенасы мен медициналық тексеруі

Салон қызметкерлері (шеберлер, косметологтар, шаштараздар) мерзімді түрде міндетті медициналық тексеруден (медосмотр) өтіп, жеке медициналық кітапшалары болуы тиіс. Олар жұмыс барысында арнайы киім киіп, қолдарын әр клиенттің алдында және кейін антисептикпен өңдеп отыруға міндетті.

Тұтынушыға арналған кеңестер

Сұлулық салонына барғанда өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, мына жайттарға назар аударыңыз:

  • Шебердің құралды крафт-пакеттен сіздің көзіңізше ашуын талап етіңіз.
  • Шебердің қолғаппен жұмыс істеп жатқанына және жұмыс орнының тазалығына көз жеткізіңіз.
  • Құралдардың стерилизация журналының бар-жоғын сұрауға құқығыңыз бар.
  • Тіпті күмән туған жағдайда, гигиеналық талаптар сақталмайтын күмәнді орындардың қызметінен бас тартыңыз.

Өз денсаулығыңызды қорғау — сапалы қызмет пен санитариялық нормаларды талап етуден басталады.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.
↑