Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
6.3 C
Мырзакент
ҮйАуыл шаруашылығыШіркейді залалсыздандыру шаралары қолға алынады

Шіркейді залалсыздандыру шаралары қолға алынады

Сырдария өзені бойымен Көксарай су реттегіш қоймасы маңындағы елді мекендерде соңғы жылдары шіркейлердің көбеюі қалыпты жағдайға айналды. Осыған орай, Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Отырар, Шардара, Мақтаарал, Келес аудандары дезинсекция жүргізу аймақтары ретінде белгіленген. Залалсыздандыру шараларына биыл жалпы 655,9 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Бұл жайында Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков мәлімдеді

– Биыл облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан өткізілген конкурс нәтижесінде ғылыми сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге «Защита растений-К» ЖШС-мен және дезинсекция шараларын жүргізуге «Satti Tulik» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Сонымен қатар, аталған жұмыстарды жүргізу барысын қадағалап, қабылдауға аудан-қала әкімдіктерінің және жергілікті мәслихат өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылды, – деді басқарма басшысы. 

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңға мердігер «Защита растений-К» ЖШС-і тарапынан ғылыми топ құрылып, шіркейлердің көбею ошақтарын анықтау жұмыстары басталған. Топ құрамына Алматы қаласындағы Зоология институтының аға ғылыми қызметкері Қаршыға Көшкімбаев және басқа да білікті мамандар тартылған. Ғалым баспасөз мәслихатына арнайы қатысып, БАҚ өкілдерін мазалаған сауалдарға жауабын берді. Оның айтуынша, шіркейлердің санын азайту кезінде биологиялық және химиялық препараттармен өңдеу жұмыстары жүргізілмек.

«Оңтүстік»-ақпарат.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ