Бейсенбі, Қараша 21, 2024
13.6 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметОтбасының алтын қазығы

Отбасының алтын қазығы

Бүгінде Иіржар ауылдық округінде тұратын Патима Қанаева апай ұлағатты ұстаз болып, жас ұрпаққа тәлімді тәрбие берді.

1968 жылы Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірді. Жоғары оқу орнын бітірген соң, жолдамамен Мақтаарал ауданына келіп, М.Фрунзе атындағы сегіз жылдық мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып орналасты. 1971-1996 жылдар аралығында А.С.Макаренко атындағы (қазіргі «Асыл мұра» ЖОМ) мектебінде үздіксіз еңбек етті. Осы уақыт аралығында қаншама шәкірттер тәрбиелеп, қанат қақтырды.

«Күміс алқа» иегері, ардагер ұстаз, жұбайы Есенхан аға екеуі 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді. Олардың бәрін үйлі-жайлы етіп аяқтандырды. Осы перзенттерінен өрбіген немере мен шөберелерінің қызығын көріп отыр. Бүгінгі күні үлкен ұлы Марат фермер, қалған ұлдары – Сапархан, Қанатбек, қыздары – Гүлжан, Гүлжахан, келіндері – Баян, Сапаркүл, Бақтыгүлдер жоғары білімді ұстаздар. Сондықтан оларды жұрт «ұстаздар отбасы» деп те атайды. Кенже қызы Гүлжамал Мырзакент қалашығындағы ауруханада медбике.

Бала бақытының бағбаны болған Патима апай отбасының алтын қазығы, немере, шөбере сүйген бақытты әже.

(с) З.ЖИЕНБЕКҚЫЗЫ, «Мақтаарал» газеті

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ