Сенбі, Сәуір 20, 2024
28.5 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметОблыс әкімі Мақтааралда біріңғай қабылдау өткізді

Облыс әкімі Мақтааралда біріңғай қабылдау өткізді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданында құқық қорғау органдарының және жауапты басқарма басшыларының қатысуымен бірыңғай қабылдау өткізді. Мұндай ашық форматтағы жеке қабылдау өңір басшысы тарапынан барлық аудан, қалаларда тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мақтааралдық тұрғындар түрлі сала бойынша сауалдарын қойып, өтініштерін айтты. Мұқият тыңдаған өңір басшысы әрбір мәселе заң аясында қаралатынын, ұсыныс пен өтініштер хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыс жүретінін жеткізді.

Қабылдауға келген азаматтар тозығы жеткен үш білім ошағына жаңа ғимарат салуды, канал басына қосымша сусорғы орнатуды сұрады. Сонымен қатар медицина, білім саласы және тік дренаждар мен ағын су, жылу мәселелерін көтерді. Сот шешімі бойынша бөлінген мүліктерді берудегі мәселелер де айтылды. Тұрғындардың бірі жалпы орта мектептен заңсыз жұмыстан шығарылғанын айтып шағымданса, тағы бірі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерінің мақсатын өзгертуді өтінді.

Жалпы қабылдауға жиырмадан аса азамат келді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен ашықтық қағидатына сәйкес өткен кездесуде тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер қозғалды. Ондаған тұрғынға облыс әкімінен бастап, құқық қорғау органдары мен басқарма басшыларына тікелей шағымы мен ұсыныстарын айтуға мүмкіндік берілді. Оларға түйткілдердің шешілу реті мен заңдылығы түсіндірілді. Мұндай форматтағы қабылдау облыстың өзге де аудан, қалаларында жалғасын табады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ