Skip to content
Басты бет / Басты жаңалық / Нышановтың төрағалығымен апталық лездемелік жиналыс өтті

Нышановтың төрағалығымен апталық лездемелік жиналыс өтті

164

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Садықбекұлы Нышановтың төрағалығымен аудандық, қалалық СЭББ басшыларының қатысуымен кезекті апталық лездемелік жиналыс өтті.

Жиында денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия алу үшін, препараттарды сақтайтын қоймаларға және санитариялық-қорғаныш аймақтарының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруде қойылатын талаптарды қатаң сақтауды ескертті.

Мемлекеттік қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды және заңда белгіленген шектеулерді сақтауды, мүдделер қақтығысын болдырмауды, лауазымдық міндеттерді атқаруға байланысты кез келген құқыққа сиымсыз уәделерді бермеуге және міндеттемелер алуға болмайтыны туралы айтты.

Добавить комментарий