Среда, 23 апреля, 2025
22.5 C
Мырзакент
ҮйСЭСМенингококкты инфекция – әртүрлі клиникалық белгілерімен сипатталады

Менингококкты инфекция – әртүрлі клиникалық белгілерімен сипатталады

Менингококкты инфекция – әртүрлі клиникалық белгілерімен сипатталатын, назофарингиттен менингококкты сепсис және менингитке дейін аурудың бірнеше тобын біріктіретін жұқпалы аурулар.

Олардың барлығын біріктіретін ауа-тамшы жолы арқылы берілетін менингококктар.

Менингококкты инфекция өте қауіпті, өйткені ол кең тараған, қас қағым сәтте ауру белгілері пайда болып, ауыр асқынуларға, кейде өлім жағдайына дейін алып келуі мүмкін. Менингококк инфекциясының қоздырғышы Neisseria meningitidis. Сыртқы ортаға төзімсіз, күн сәулесі, дезинфекциялық заттар әсер еткенде және температура 22°С төмендегенде тез жойылады. Менингококктың бірнеше серологиялық түрі бар, оның ішінде төрт түрі негізгі болып келеді: А,B,C,D. Менингококкты инфекция көзі – ол клиникалық белгілері айқын байқалатын ауру адам, сонымен қатар менингококк тасымалдаушысы. Берілу жолы – ауа–тамшылы болғандықтан сөйлескенде, түшкіргенде, жөтелгенде ауа арқылы сілекей тамшыларымен сыртқы ортаға түсіп таралады. Қоздырғыштар алдымен мұрын-жұтқыншақта, сосын қан тамырлары және лимфа түйіндеріне түсіп, бас және жұлын миының қабықшаларының қабынуына әкеледі. Адамдар арасындағы тығыз қатынас, әсіресе жабық мекемеде аурудың жұғуына әсерін тигізеді.

Менингококкты инфекцияға мерзімділік тән. Науқастардың саны жылдың ылғалды және суық кезінде өсіп, наурыз – мамыр айларында жоғарғы деңгейге көтеріледі. Менингококкты инфекцияға аурушаңдықтың 10-15 жыл аралықпен кезеңдік көтерілуі тән. Ауру кез-келген жастағы адамдарды зақымдайды, көбіне балалар ауырады. Менингококкты инфекцияның дамуында адам ағзасындағы иммунитеттің төмендеуінің де маңызы зор.

Орташа ауырлықта өтетін түрінде дене қызуы 38-38,5 °С дейін көтеріледі. Науқаста жалпы интоксикация белгілері: бас ауру, бас айналу, әлсіздік және денелерінің қақсауы байқалады. Ауыр ағымдағы назофарингитте дене қызу жоғары 39 °С және одан да жоғары температураға көтеріледі.

Мұрын-жұтқыншақ жолдарындағы қабыну ауруларының алдын алып, тез арада емдеу (кариесті, құлақтағы қабыну процесстерін, таңдай, мұрын қуысындағы ауруларды емдеу). Бөлмеге ылғалды жинау жұмыстарын жүргізіп, жиі желдету; Жеке бас гигиенасын сақтау, дәретханаға барғаннан және тамақ ішердің алдында қолды мұқият сабындап жуу.

📌Дене қызуы 40-0С көтерілгенде, қатты бас ауырғанда, жеңілдік алып келмейтін құсу болғанда, денеде бөртпелер пайда болған жағдайда уақытылы дәрігерлік көмекке қаралыңыз. Шын мәнінде ауру өте қауіпті, әсіресе балаларға. Ең бастысы, уақытылы дәрігерге қаралса, ауру жазылады.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ