Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Мақтааралда «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

96

2026 жылғы 10 қарашада Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Серік Алтынбекұлы Тұрсынқұловтың төрағалығымен Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысқа комиссия мүшелері, аудандық полиция бөлімінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің Мақтаарал аудандық бөлімінің, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері, құқық қорғау органдары мен аумақтық мекемелердің басшылары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ дербес бөлімдердің басшылары қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібінде құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелері және ауыр қылмыстар санының өсу себептері туралы, қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы, білім беру ұйымдарында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың профилактикасы туралы мәселер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық полиция бөлімінің, аудандық білім бөлімінің және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылары баяндама жасап, өз салалары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, өзекті мәселелерді шешу жолдары бойынша нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Отырысты қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Серік Алтынбекұлы Тұрсынқұлов комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бағытындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді, ұрлық қылмыстарына қарсы профилактикалық жұмыстарды жандандыруды, «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы тиімді іске асыруды тапсырды. Сондай-ақ, профилактикалық іс-шаралардың нәтижелілігін арттыру, халық арасында құқықтық түсіндіру және ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру жөнінде тиісті міндеттер жүктеді.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.
↑