Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
6.3 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Мақтааралда түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі мен жергілікті полиция қызметі инспекторлары мен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен біргелікте бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес Атакент кентінде түнгі рейдтік шаралары жүргізілуде.

Басты мақсат – кәмелетке толмағандар арасында орын алуы ықтимал қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, түнгі уақыттарда ата-анасынсыз үй-жайынан тыс жерлерде, нақтырағы, компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда болуларына тыйым салу, бала тәрбиесіне немқұрайлылық танытатын ата-аналарды анықтап, тиісті шаралар көру, қауіпсіздік және санитарлық талаптарды сақтауға дағдыландыру болып табылатын профилактикалық шара барысында жеке кәсіпкерлерге түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді заңды өкілдерінсіз ғимаратқа кіргізбеу, оларға темекі бұйымдары мен спирттік ішімдіктерді мүлдем сатуға болмайтындығы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілген түнгі рейд барысында тәртіпті бірінші рет бұзып, үй-жайынан тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелеттік жасқа толмағандарға ескерту жасалды. Алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізілетін рейд барысында екінші рет тағы анықталса хаттама толтырылып, айыппұл салынатындығы қатаң ескертілді.

Сонымен қатар, Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ және Мақтаарал ауданының полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Еңбекші ауылдық округі “Нұрлытаң” ЖББМ-де жоғарғы сынып оқушыларына «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында кездесу өткізілді.

Жиынның басты мақсаты – білім беру ұйымдарында қылмыстық пен құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларын жүзеге асыру болып табылады.

Мақтаарал ауданының полиция бөлімінің қызметкері құқықбұзушылықтың профилактикасы бойынша түсіндіру жұмыстарымен қатар заң талаптарын баяндады.

Мақтаарал ауданы АПБ қызметкерлері мен Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Жаңажол ауылдық округінде ішімдіктің және темекінің сатылуына тыйым салыну бойынша да дүкендерге рейдттік шаралары жүргізілді.

Бұл рейдтік іс-шаралардың мақсаты жастардың спирттік ішімдіктен және зиянды заттарға әуес болудың алдын алу.

Іс-шара барысында дүкендерге алкогольдік ішімдік және темекі сатпаулары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге тыйым салынған заттар сатылған жағдайда қатаң жазаланатындығы туралы ескертілді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ