Сейсенбі, Қыркүйек 17, 2024
23.2 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРМақтааралда тілдер күні мерекеленді

Мақтааралда тілдер күні мерекеленді

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай бүгін Мақтаарал ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудандық «Мақтаарал» мәдениет үйінде «Тіл – татулық тірегі» атты тақырыпта аудандық мерекелік іс-шара өтті.

Алаштың ардақтысы, қазақ тіл білімінің атасы, қазақ әліпбиінің негізін салушы, ғалым, аудармашы, ақын Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде тойланатын бұл мереке – Қазақстанда өмір сүріп келе жатқан барша халықтың мерекесі.

Ана тілі – әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен, ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры. Тіл – ұлттың басты құндылығы. Тіл тағдыры – ел тағдыры.

Мерекелік іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Саттаров Нұрбол Жақсылықұлы ашып, алдымен жиналған көпшілікті Қазақстан халқы тілдері мерекесімен құттықтады. Елімізде жүргізіліп жатқан салиқалы тіл саясатына тоқталып, қатысушыларды елді сүюге, жерді сүюге және ана тілін ардақтап, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге шақырды.

Сөзінің соңында аудан әкімінің атынан бір топ тіл жанашырларын алғыс хатпен және сыйлықтармен марапаттады.



ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ