Бейсенбі, Желтоқсан 12, 2024
-2.5 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда "Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ парызымыз" атты жастар форумы өтті

Мақтааралда «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» атты жастар форумы өтті

9 желтоқсан – Халықаралық сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Мақтаарал ауданында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» атты жастар форумы өтті.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова қатысып, жиынды ашып берді. Сондай-ақ, форумда аудандық прокуратураның прокуроры Бағдат Аннасов, аудандық полиция бөлімінің қызметкері Айдос Зұлпан және Пушкин мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ердәулет Қарақұлдар сөз сөйлеп, сыйбайлас жемқорлықтың еліміздің әлеуметтік-экономикасына тигізетін кері әсері туралы кеңінен ақпараттар берді. Жастарды сыбайлас жемқорлықпен бірлесе күресуге шақырды.

Арнайы видеоролик көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттап жүрген қызметкерлер мен аудан жастары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі. Атаулы күнді 2003 жылдың 21 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялады.

2003 жылы дәл осы күні Мексикада қол қою үшін БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясы ашылды. Бас Ассамблеяның қарарында көрсетілгендей, осы халықаралық күнді құрудың басты мақсаты – Сыбайлас жемқорлық проблемасын және Конвенцияның сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы және оған қарсы күрестегі рөлін түсінуді тереңдету.

Жыл сайын БҰҰ Бас Ассамблеясы бұл күнді белгілі бір тақырыппен атап өтуді ұсынады. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Әлемде конвенцияға 140-қа жуық мемлекет қол қойып, 80-ге жуық мемлекет ратификациялады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ