Четверг, 25 июля, 2024
25.4 C
Мырзакент
ҮйАуыл шаруашылығыМақтааралда қырыққабат өнімі эскпортталуда

Мақтааралда қырыққабат өнімі эскпортталуда

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қырыққабат өнімін жинау науқаны қарқынды жүруде. Қазіргі таңда егістік алқаптарында ондаған бригада құрылып, 900-ден астам жұмысшы қырыққабат жинауға кіріскен. Қырыққабаттың алғашқы өнімдері еліміздің түрлі аймақтары мен Ресей және Беларусь еліне жөнетіліп жатыр.

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Мақтаарал ауылдық округінің диқандары еккен көктемгі қырыққабат дақылын жинау маусымының куәсі болды. Ауданда биыл ерте егілген қырыққабат дақылы 546 гектарды құрап, қазірдің өзінде 260 тонна өнім жиналған.

Аудан әкімі аялдаған Мақтаарал ауылдық округі Есентаев елдімекенінде орналасқан «Ерлан» шаруа қожалығының меншігінде 30 гектар егістік алқап бар.

«Биыл қырыққабат дақылын ақпан айының басында еге бастадық. Екіқабатты кленкамен көмкеріліп егілетін дақыл 2 айдың көлемінде пісіп, жетіледі. Ең бастысы — күтіп, қарауға мән берілуі керек. Жеріміз тың болғандықтан, әр гектардан 30-40 тоннаға дейін өнім алып отырмыз» — дейді, қожалық төрағасы Ерболат Кариев.

Негізінен мақтааралдық диқандар салмағы 1-1,5 келіден аспайтын нидерландық пандион сұрпын еккен. Бұл өнім түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс көп. Қырыққабаттың бір келісі алғашқыда 230 теңгеден босатылса, қазір 70-80 теңге көлемінде сатылып жатыр.

Айта кетейік, қырыққабат дақылын жинап алған мақтааралдық шаруалар екінші өнімге маш, жүгері, мақта сияқты дақылдарды егуді жоспарлап отыр.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ