Жұма, Қазан 25, 2024
10.2 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықМақтааралда кешенді оқу-жаттығу жиыны өтті

Мақтааралда кешенді оқу-жаттығу жиыны өтті

Түркістан облысының 2024 жылға азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар өткізу жоспары және облыс әкімдігінің 2024 жылға Мақтаарал ауданында кешенді оқу-жаттығуды өткізу бойынша ұйымдастырушылық нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылы 22-24 қазан аралығында Мақтаарал ауданында кешенді оқу-жаттығу жиындары өтті.

Кешенді оқу-жаттығуды өткізу барысында басқару органдарының, басшылық құрамның, құралымдардың, ұйымдар қызметшілерінің төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою мәселесінде жоғары үйлесімділікке қол жеткізу, олардың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру және азаматтық қорғанысты жүргізу бағытына баса назар аударылды.

Мемлекеттік қызметкерден бастап, мемлекеттік мекемелер, жеке меншік мекемелер, басқа да мекемелерде күштік құрылымдардың, жалпы халықтың төтенше жағдайларға дайындығы пысықталды. Оқу жаттығу барысы алдымен аудан әкімдігінің ғимаратында ауданның мемлекеттік және ұйымдастыру органдары басшыларының кеңесінен басталды. Жиын барысында мемлекеттік органдардың басшылық құрамы азаматтық қорғау мәселелері бойынша тестілеуден өтті.

Кешенді оқу-жаттығу барысында аудандық басқару органдарының, апаттық құтқару органдарының әртүрлі төтенше жағдайлар орын алғандағы іс-әрекеттеріне, басқару органдарының азаматтық қорғау жүйесінің бейбіт уақытында соғыс деңгейіне көтерілу кезеңіндегі іс-әрекеттеріне баға берілді.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ