Skip to content
Басты бет / Азаматтық қорғаныс / Мақтааралда 2 күндік «Өрт — 2026» республикалық оқу-жаттығу іс-шарасы өтті

Мақтааралда 2 күндік «Өрт — 2026» республикалық оқу-жаттығу іс-шарасы өтті

147

2026 жылғы 28-29 мамыр күндері Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында «Өрт – 2026» республикалық оқу-жаттығу іс-шарасы өтті.

Екі күнге созылған ауқымды жаттығу Мырзакент кентіндегі «автобаза» аумағында ұйымдастырылып, азаматтық қорғау саласының құрылымдары, оның ішінде Төтенше жағдайлар бөлімнің жеке құрамы, өрт сөндіру бөлімдері, жедел құтқару жасағы, жедел медициналық көмек қызметі, полиция, сондай-ақ ерікті құрылымдар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында оқу-жаттығу жиынының төрағасы Бижан Анарбеков пен төраға орынбасары Асқар Жақияев азаматтық құрылымдардың техниклық-базалық жағынан қамтылуын мұқият қарап шықты. Төраға мен орынбасары азаматтық қорғаныс жүйелерінің дайындық деңгейін қатаң тексеріп, төтенше жағдайларға шұғыл әрекет ету бойынша практикалық машықты әрдайым жетілдіріп отыру керектігін айтты.

Оқу-жаттығудың басты мақсаты — өрт маусымы кезінде өрт қауіпі төнген немесе төтенше жағдайлар кезінде әрекет етудің нақты алгоритмін пысықтау, жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіру, ведомствоаралық үйлесімділікті арттыру және халықты қорғауға бағытталған нақты шараларды тәжірибе жүзінде жүзеге асыру болды. Сонымен қатар, бұл іс-шара құтқару қызметтерінің материалдық-техникалық базасын көрсетуге, жаңа техникалар мен жабдықтардың тиімділігін сынақтан өткізуге мүмкіндік берді.

Іс-шараның екінші күні «Сапар базар» аумағында өтіп, шара барысында өрт сөндіру, зардап шеккендерді эвакуациялау, алғашқы медициналық көмек көрсету, байланыс және басқару жүйелерін іске қосу, жол-көлік қозғалысын реттеу сияқты бірнеше бағытта практикалық жаттығулар өткізілді.

Айта кетейік, «Өрт – 2026» республикалық оқу-жаттығуы өз мақсатына толық жетіп, аудандағы азаматтық қорғау жүйесінің жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Мұндай шаралар төтенше жағдайларға алдын ала дайын болудың маңыздылығын айқын көрсетіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.