Skip to content

Мақтааралда инвестициялық жобалар қаралды

21

Өткен аптада Мақтаарал ауданында аудан әкімінің орынбасары Н.Саттаровтың төрағалығымен инвестициялық жобалардың өзекті мәселелеріне арналған мәжіліс өтті.

Жиынға Мақтаарал электр желілері мекемесінің бастығы Ж.Нармухамедов, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Түркістан филиалы газ шаруашылығының директоры Д.Паяев, «Мақтаарал-Сервис» мекемесінің директоры А.Якупов, кенттер мен ауылдық округ әкімдері және аудан кәсіпкерлері қатысты.

Мәжіліс барысында аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың қазіргі жай-күйі қаралып, бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Қатысушылар жобаларды іске асыру барысында туындап отырған өзекті түйткілдерді ортаға салып, оларды шешу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, 2026 жылға жоспарланған жобалардың орындалу барысы сараланып, жаңа өндірістік паркке кәсіпкерлерді тарту мәселесіне ерекше назар аударылды.

Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және өндірістік әлеуетті дамыту бағытында нақты ұсыныстар айтылды.

Жиында өндірістік парк аумағынан жер телімдерін бөлу тәртібі, сондай-ақ жаңадан іске асырылатын жобалар үшін қажетті техникалық шарттарды алу мәселелері де кеңінен талқыланды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, кәсіпкерлерге пайдалы ұсыныстар айтылып, инвестициялық жобаларды тиімді әрі уақтылы іске асыру бойынша жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.