Четверг, 13 марта, 2025
11.1 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРМақтааралда этномәдени орталықтардың төрағаларымен кездесу өтті

Мақтааралда этномәдени орталықтардың төрағаларымен кездесу өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерекесі қарсаңында аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов аудандық тәжік, әзірбайжан және өзбек этномәдени орталықтарының төрағаларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында этносаралық келісімді нығайту, мәдени әртүрлілікті сақтау және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Серік Алтынбекұлы этномәдени орталықтардың ауданның қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды рөлін атап өтіп, олардың мәдени мұраны сақтау және дамытудағы үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Сонымен қатар, ол Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз етудегі маңыздылығын ерекше атап өтті.

Этномәдени орталықтардың төрағалары өз кезегінде аудан басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Кездесу соңында алдағы уақытта ауданда өткзілетін мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып, этносаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және мәдени байланыстарды нығайту бойынша нақты жоспарлар талқыланды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ