Сенбі, Сәуір 20, 2024
28.5 C
Мырзакент
ҮйА.Қалыбеков а/оМақтааралда 5550 дана көшет егілді

Мақтааралда 5550 дана көшет егілді

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Наурызнаманың 10 күндік жоспарына сәйкес, 19-наурыз – Жаңару күні. Бұл күні өңірлерде көшет егу жоспарланған болатын.

Осыған байланысты аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен Мақтаарал ауданының барлық елдімекендерінде, үлкен жолдардың, каналдар мен арық-атыздардың бойларында, саябақ пен аллеяларда мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың мүшелері және аудан тұрғындарының қатысуымен көшет егу жұмыстары жүргізілді.

Аудан басшысы Мырзакент кентінде орналасқан «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» саябағында болып, көшет егу жұмыстарына қатысты. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік қызметшілер, әжелер алқасының мүшелері де белсене атсалысты.

«Жаңару күні ауданымыздың келбетін және де көркейту үшін көшет егу, көгалдандыру жұмыстарын жалғастырудамыз. Бабаларымыз ертеден талдың пайдасы жайлы көптеген даналық сөздер айтып кеткен. Қоршаған ортаға деген жанашырлық әр адамның жүрегінде болуы тиіс. Мақтааралымызды жасыл желекке айналдыру жолында әрбір тұрғын атсалысуы керек» – деді, Бақыт Насырханұлы.

Айта кетейік, жалпы жаңару іс-шарасы барысында 5550 дана көшет егілді. Оның ішінде 4500 дана қара ағаш, 200 дана сирия раушаны, 250 дана сабын ағашы және 600 дана легуструм көшеттері бар.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

1 Пікір

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ