Сенбі, Сәуір 27, 2024
20.6 C
Мырзакент
ҮйА.Қалыбеков а/оМақтааралда 18,6 тонна күл-қоқыс шығарылды

Мақтааралда 18,6 тонна күл-қоқыс шығарылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Наурызнаманың 10 күндік жоспарына сәйкес, 23-наурыз – Тазару күні. Бұл күні өңірлерде жаппай сенбілік өткізу жоспарланған болатын.

Осыған байланысты аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен Мақтаарал ауданының барлық елдімекендерінде, үлкен жолдардың, каналдар мен арық-атыздардың бойларында, саябақ пен аллеяларда мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың мүшелері және аудан тұрғындарының қатысуымен сенбілік жұмыстары жүргізілді.

«Тазару күні ауданымыздың келбетін және де көркейту үшін көшет егу, көгалдандыру, қоқыстан арылту жұмыстарын жалғастырудамыз. Бабаларымыз ертеден талдың пайдасы жайлы көптеген даналық сөздер айтып кеткен. Қоршаған ортаға деген жанашырлық әр адамның жүрегінде болуы тиіс. Мақтааралымызды жасыл желекке айналдыру, қоршаған оратамызды таза ұстау жолында әрбір тұрғын атсалысуы керек» – деді, Бақыт Насырханұлы.

Айта кетейік, жалпы тазару іс-шарасына 1350 адам, 15 дана техника қатысты. 110 шақырым жол, 22 шақырым аяқжол, 2 гектар саябақтың аумағы мен 56 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы тазаланып, жалпы көлемі 18,6 тонна күл-қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, 3200 дана ағаш ақталды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ