Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты Қоңырат ауылында мектеп бітіргендеріне 10 және 20 жыл болған түлектер өз ауылдарына кіреберіс қақпа орнатты.
Осындағы Болашақ жалпы орта мектебінің түлектерінің арқасында ауылдың сәніне және де сән қосылып, туған жеріне жанашырлықпен қарайтын ауыл азаматтары патриотизмнің жарқын үлгісін көрсете білді. 10 және 20 жылдық түлектер тұрғызған қақпа кескін келбетімен ажарланып, темірден безендірлген. Сонымен қатар, алып қақпа түнгі уақытта да жарқырап, ауылдың түнгі көрінісіне көрік қосып тұр.
«Бұл қайырымды істері арқылы түлектер өздерінен кейінгі буынның тәрбиесіне үлкен септігін тигізіп, олардың туған жерлеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыратыны сөзсіз. Бірнеше жылдан бері қалыптасқан түлектердің ауылды көркейту үрдісі биыл да жалғасын тауып, бүгін біз өнегелі істің куәсі болып отырмыз. Осындай еселі еңбектерімен ауыл тұрғындарының құрметіне бөленген түлектерге шынайы алғысымызды білдіреміз!» – деді, округ әкімі С.Кенжеев.
Айта кетейік, Қоңырат ауылында кәсіпкер түлектердің демеушілігімен де бірнеше әлеуметтік нысандар бой көтерген.