Четверг, 25 июля, 2024
24.8 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚМақтааралда мектеп бітіргендеріне 10 жыл болған түлектер өз ауылдарына қақпа орнатты

Мақтааралда мектеп бітіргендеріне 10 жыл болған түлектер өз ауылдарына қақпа орнатты

Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас ауылында мектеп бітіргендеріне 10 жыл болған түлектер өз ауылдарына кіреберіс қақпа орнатты.

М-39 «Ташкент-Термез» бағытындағы халықаралық транзит дәлізінің бойында орналасқан ауылда 200-ден астам шаңырақ бар. Бүгінде әлеуметтік нысандары мен инфрақұрылымы толықтай жаңарған ауыл ешбір қаладан кем түспейді. Атап айтқанда, жаңадан мектеп, балабақшалар, медициналық және полиция пункттері бой көтеріп, ауыз су және электр жүйелері жаңарып, көшелерінің барлығына асфальт түскен.

Осындағы Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектептің 45-түлектерінің арқасында ауылдың сәніне және де сән қосылып, туған жеріне жанашырлықпен қарайтын ауыл жастары патриотизмнің жарқын үлгісін көрсете білді. 10 жылдық түлектер тұрғызған қақпада шаңырақ бейнеленіп, қазақтың ұлттық ою-өрнегі темірден безендірлген. Сонымен қатар, алып қақпа түнгі уақытта да жарқырап, ауылдың түнгі көрінісіне көрік қосып тұр.

«Бұл қайырымды істері арқылы 10 жылдық түлектер өздерінен кейінгі буынның тәрбиесіне үлкен септігін тигізіп, олардың туған жерлеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыратыны сөзсіз. Бірнеше жылдан бері қалыптасқан түлектердің ауылды көркейту үрдісі биыл да жалғасын тауып, бүгін біз өнегелі істің куәсі болып отырмыз. Осындай еселі еңбектерімен ауыл тұрғындарының құрметіне бөленген түлектерге шынайы алғысымызды білдіреміз!» — деді, ауыл молдасы Нұржан Әлімбеков.

Айта кетейік, Өргебас ауылында кәсіпкер түлектердің демеушілігімен де бірнеше әлеуметтік нысандар бой көтеріп, мешіт, аялдама сияқты нысандар ел игілігіне берілген.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ