Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
28.2 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтаарал ауданында қызмет алушылар күні өтті

Мақтаарал ауданында қызмет алушылар күні өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» аясында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын ұйымдастырып, өткізу ұсынылған болатын.

Осыған орай, 2024 жылдың 15 наурыз күні, сағат:11-00 уақытта, Мырзакент кенті, Мадиходжаев көшесі № 28а мекен-жайда орналасқан «Мақтаарал ауданы әкімдігінің дербес бөлімдері» ғимаратының 1-ші қабатында орналасқан «Фронт-кеңседе» «Халықты әлеуметтік қорғау-әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақылар, жеңілдіктер, атаулы әлеуметтік көмек пен жұмысқа орналастыру, көтерме жәрдемақылар «Дипломмен ауылға» және т.б.» тақырыптарына арналған іс-шара өткізілді.

Іс-шара өтетіндігі жөнінде алдын ала хабарландырулар жүргізілген болатын.

Кеңсеге келуші азаматтарға жұмыссыз ретінде тіркелу мен жұмыспен қамтылу, жастар тәжірибесі, әлеуметтік көмектер және жәрдемақылар, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қызметтері бойынша консультациялық кеңестер берілді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ