Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын ұйымдастырып, өткізу ұсынылған.
Осыған орай, Мақтаарал ауданы әкімі аппараты тарапынан 2024 жылдың 23 тамыз күні, сағат:10-00 уақытта, Мырзакент кенті, Мадиходжаев көшесі №28а мекен-жайда орналасқан «Аудан әкімдігінің дербес бөлімдері» ғимаратының 1-ші қабатында орналасқан «Фронт-кеңседе» «Білім беру ұйымдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің» тақырыптарына арналған іс-шара өткізіледі.
Жоғарыда аталған қызмет түрлері бойынша жауапты қызметкерлер тарапынан азаматтарды қабылдап, консультациялық кеңестер берілетін болады.